Created: 04 Желтоқсан 2018
1091

Пара беру де – қылмыс

2018 жылдың 27 қараша күні Қазқстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, «Құқықтану» кафедрасының қолдауыменсыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істі қарау бағытында оқу-тәжірибелік шара өткізілді.

Шараның мақсаты – студенттердің сабақта алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану, құқықтық тәжірибелерін арттыру, пара берудің қылмыс екенін түсіндіру, оған қарсы тұруға баулу.

Сот отырысы қойылымына шақырылыған қонақтар БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Журабаев Бахтиёр Шодықұлы, Орал қаласының №2 сотының судьясы Шайдиева Шынаргул Амантаевна, БҚО бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Демеуов Руслан Рысқалиұлы және БАҚ өкілдері  қатысты.

Аталған қылмыстық сот процесі «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полиция полковнигі Қарағойшиев Ертай Амангелдіұлының дайындауымен өткізілді. Сот процесіне қатысушылар «Құқықтану» мамандығының 3 курс, 342 топ студенттерінің сомдауымен жүргізілді.

Шараға арнайы шақырылған судьялар, сот жүйесінің өкілдері өз ризашылықтарын білдіріп, сот процесінің өтуіне байланысты талаптардың сақталуы жөнінде студенттерге ақыл-кеңестерін берді.