Created: 23 Мамыр 2018
670

«Техника және телекоммуникация технологияларының мәселелері» атты XIX Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.

 

Конференцияға Повольже мемлекеттік телекоммуникация және информатика университеті, А.Н.Туполев атындағы Қазан ұлттық зерттеу техникалық университеті, Уфа авиациялық техникалық университеті, Мәскеу облысының Дубна мемлекеттік университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары және Самара, Орал қалаларының IT компанияларының басшылары мен мамандары қатысты.

 

Конференция елімізде алғаш рет Қазақстан инновациялық  және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өткізіліп отыр.

 

Пленарлық отырыста және секцияларда Ресей мен Қазақстанның ғалымдары талшықты-оптикалық кабельдік технологиялық байланыс желілерінің сенімділігін жоғарылатудың түрлі аспектілерін, голографиялық кодтауды қолдану арқылы ақпарат алмасудың дәлдігін, XXI ғасыр көшбасшыларын дайындайтын заманауи цифрлы университет үлгісін, Ақылды қала және олардың даму болжамдарын, интеллектуалды көлік жүйелерін, Ақылды қала технологиясын талқылады. Осы ғылыми мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауы аясында қарастырылды.

 

Ғылыми конференция жұмысының қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстандағы цифрлық технологияны дамыту бойынша ұсыныстар қабылданды.

{gallery}0/22{/gallery}