Created: 10 Мамыр 2018
971

Білімді жастар – ел болашағы

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әрбір жастың міндеті.Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.

 

«Техникалық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында жеткен табыстары үшін студенттер құрмет грамоталарымен, дипломдармен марапатталады, айтулы көрмелерге, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу үшін мадақталып, жіберіледі. Кафедра оқытушылары студенттерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тартуда және СҒЗЖ ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өту қажет.

 

Біздің кафедрада  оң үрдістер бұдан әрі де дами беретініне сенімдіміз. 

 

«Техникалық пәндер»  кафедрасының
Техника ғылымының магистрі, аға оқытушы Имангалиева А.Н

 

{gallery}0/0{/gallery}