Created: 10 Мамыр 2018
727

Білімді шыңдай білген жас өрен

 

«Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ»-дейді Л.С.Высотский, сондықтан  студенттер өз білімін ғылыммен ұштастырып, үнемі өз жетістікін сараптап, нәтиже алуы тиіс. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары  өнеркәсіпті дамытуда  жаңа техниканы меңгерген, ұшқыр ойлы жас маманды дайындау негізінде жұмыс істеуде. 2018 жылдың 12- ші сәуірінде  Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және Білім-2018» ХІІІ  Халықаралық ғылыми конференцияға  РЭТ мамандығының  242 топ студенті  Айткалиева  Арайлым  «Совершенствование способа  использования  кинетической  энергии ветра» тақырыбымен   қатысып ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі т.ғ.к., профессор Умбетов Б.Х  және жаратылыстану ғылымының магистрі  Тажқұран А.Е.

 

Ғылым  мен  ілімді  меңгере білу аса төзімділікпен, қабілетті қажет етеді. Әбу-Насыр әл-Фараби  «білімді  болу  деген – жаңалық  ашуға  қабілетті болу», - деген екен. Айткалиева  Арайлымға  биіктерді  білімімен бағындыруына, әріптестеріме   еңбектеріне  жеміс тілеймін.

 

«Техникалық пәндер»  кафедрасының: Техника ғылымының магистрі, аға оқытушы Имангалиева А.Н.

 

{gallery}album/00{/gallery}