Created: 02 Мамыр 2018
936

«КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар

 

Бұл іс-шараға  цифрлық техниканы, жаңа технологияларды меңгерген каланың  әр түрлі мамандық беделді иелерінен  жиналған ханымдар келді. Олар: «Арх-дизайн» ЖШС-нің негізін қалаушысы, «Маэстро» сән шеберханасының директорының орынбасары Ольга Назарчук, Республикалық «Жаңару»  ҚБ филиалы директорының орынбасары Альфия Карибаева, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Асия Аманбаевна,  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығының директоры Софья Измухамбетова және №26 ЖОБМ директоры Ғибарат Урынгалиева, КазУИиТС  аға оқытушысы Милана Утегенова, Орал қаласының кәсіпкері Айзада Шайхиева, азаматтық соттың судьясы Альбина Абилкаримова,  БҚО  Ішкі істер департаментінің полиция инспекторы Мадина Куспанова,  Қалалық білім басқармасының бастығы Жансұлу Туремуратова,  «Алжанова» ЖК директоры Ляззат Алжанова, «Уральскагрореммаш» АҚ  қауіпсіздік инженері Әсел Тілепова. Ханымдардың  әрқайсысы өз тәжірибесімен, жетістіктерімен бөлісті. Жұмыс әдістерімен және шығармашылық өсуімен таныстырды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында оқуға,  жаңа нәрсеге қызығушылыққа баулыды.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің проректоры Аида Маратовна атап өткендей, біз Елбасымыздың Жолдауын іске асыруға өз үлесін қоса алатын әйелдер қауымына баса назар аудардық. Кез келген адам сандық технологиямен, инновациямен, нанотехнологиямен байланысты. Бұл іс-шараны біз екінші жыл өткізіп жатырмыз және болашақта оны нақтылайтын боламыз.

 

7-наурыз күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің  «Достық» студенттер сарайында тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен  Халықаралық әйелдер күніне арналған «Праздник, пахнущий мимозой» атты мерекелік бағдарлама өткізілді.

 

12-наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық  үйінде «Рухани жаңғыру» аясында жастар арасында патриоттық сезім қалыптастыру, Отансүйгіштік, еліне, жеріне, ұлт-аралық келісімді нығайтуға бағытталған Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік ғасыры» кітабына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Осыған орай, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. 

 

14-наурыз күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің проректоры Аида Маратовна мен  Кәсіптік бағдар беру және мониторинг орталығының директоры Оразбай Базарбайұлы  және Кәсіптік бағдар беру және мониторинг орталығының бас маманы Гусманова Гүлдана Әлібекқызының ұйымдастыруымен  Ақсай қаласындағы №4 мектепте Форсаж өтті.  Ақсай қаласының  №4 мектеп ұжымына кәсіптік бағдар беріп,  «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің материалдық, техникалық базасымен тереңірек таныстырды.

  

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде 15-наурыз күні  «Достық» студенттер сарайында жыл сайын дәстүрге айналған  «КазИИТУ аруы - 2018»  арулар сайысы өтті.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру. 2. Өз өнерін көрсету. 3. Сән көрсетілімі. 4. Сұрақ-жауап (салт-дәстүр бойынша).

«КазИИТУ аруы - 2018»  арулар сайысында КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің жұлдыздары өнер көрсетті.

  

Сайыстың бірінші кезеңінде аруларымыз өздерін таныстырса, екінші кезеңінде өз өнерлерін көрсетті. Үшінші «Сән көрсетілімі» кезеңінде аруларымыз  «Fashion Dari & Lili» сән үйі Айнұр ханымның демеушілігімен  көктем коллекциясын жарнамалады. Төртінші кезеңде аруларымыздың ой-тапқырлығы, сөз шеберлігі сыналды. Салт-дәстүрімізге қатысты сұрақ-жауапта қыздарымыз тез, әрі ұтымды жауап берді.

  

«КазИИТУ аруы - 2018»  арулар сайысында ерекшеленіп бас жүлдені «Экономика және менеджмент» факультетінің 1 курс студенті Сапарова Жанерке жеңіп алды.

 

16-наурыз күні Экология кафедрасы «Туған жерім», «Экология және экологиялық қауіпсіздік» жобасы  аясында студенттік конференция өткізді. Студенттер өздерінің жобаларын ұсынды.

  

20-наурыз күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің  «Достық» студенттер сарайында тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен  «Қош келдің, әз-Наурыз» атты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі атап өтілді.

 

Наурыз мейрамын салтанатты түрде «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің  құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің хатшысы Әйтімов Ақсерік Сарыұлы құттықтау сөзімен ашты.

 

Наурыз мерекесіне келген «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Құлжанова Гүлназ Мағжанқызы, БҚО халық Ассамблея төрағасының орынбасары Капаков Ғайса Хамидуллаұлы, «Вайнах» «Шешен-ингуш мәдени-ағарту» қоғамдық басқарма төрағасы Саратов Данильбек Алиевич сынды құрметті қонақтар өз лебіздерін білдірді.

 

Мерекелік бағдарлама барысында университеттің әр кафедрасы түрлі ұлт-өкілдерінің киім үлгісін көрсетіп, ұлттық тағамдарын көрерменге ұсынды. Наурыздың дәстүрлі тағамы «Наурыз көжеден» дәм татты.

 

Салт-дәстүріміздің бірі – «Шілдехана» рәсімі көрсетілді.

 

Мерекеміз әсем әуен мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасын тапты.        Салт-дәстүріміз бойынша елдің сыйлы, құрметті азаматы ақ тілегін айту бойынша Наурызға келген адамдарға «Бата» берілді.

 

Наурыз мерекесі жүрекке жылу, көңілге қуаныш, болашаққа үміт ұялатып, іс-шара өз мәресіне жетті.

 

28-наурыз күні  Галактика кинотеатрында «Экстремизм терроризм».  Шестой пост көркем фильмі көрсетілді.  «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің дін кураторы Сакен Талғатұлы мен тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен  студенттер  фильм көрді. . Діни экстремизмнің бағытының алдын алу мақсатында, балалардың діни сауаттылығын арттырып,  түсініктерін молайту бағытында студенттер қосымша ақпарат  алды.

 

5-сәуір күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің оқу залында Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік ғасыры» кітабының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге университеттің студенттері мен оқытушылары, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледж қатысты. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тарих пәнінің оқытушысы, дінтанушы Исағали С.Т. дөңгелек үстелінің модераторы, дөңгелек үстел жұмысын ашқан бұл тек қана кітап емес, бұл елдің тарихына және оның болашағына Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарасы.

 

26 жылдан асқан оқиғаларды талдауды білген адам,  тек оқиғаға қатысушы адам емес, сонымен қатар жаңа Қазақстан тарихына үлес қосқан адам. Сондықтан кітап ғасырдың маңызды құжаты болып табылады. Экология кафедрасының 1 курс студенті Мосина Виктория, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Рахматуллина Карина, Экономика және менеджмент кафедрасының 1 курс студенті Сапарова Жанерке кітаптың әрбір тарауына арнайы ақпарат берді.

 

Дөңгелек үстелдің қорытындыларын Республикалық жоғары техникалық колледж директорының орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі, магистр Келбетова Э.С. қорытындылады.

 

2018 жылы 10-сәуірде Ассамблеяда  Жаңғыру жолы жастар жолы  атты  жастардың бірінші отырысы болды. Отырыста Астана қаласында Назарбаев Университетінде өткен  «Көшбасшы бол» атты  жастар конференциясы талқыланды. Конференцияға қатысқан БҚО Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Сактаганов Нурзада Нуржауұлы  баяндама жасады. Қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын құру идеясын белсенді түрде қолдады.  «Жаңғыру жолы» Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар қозғалысының миссиясы -  елдің дамуы мен қоғамдық сананы жаңғыртудағы сапалы нарық үшін Н.Назарбаевтың қоғамдық келісімі мен ұлттың бірлігі саясатының негізінде Қазақстандағы жастарды біріктіру.

 

Конференцияның  мақсаты – «Рухани жаңғыру» жаңғырту бағдарламасына қолдау көрсету, жас көшбасшыларды, жастар бастамаларын қолдау, басымдылықтарды белгілеу.

 

12-13-сәуір күндері «КазИИТУ» ғылыми-білім  кешенінде облыс әкімдігі мен аталмыш университет басшылығының ұйымдастыруымен  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында «Андас» оқу орталығына 25 жыл, Қазақстан Республикасының ғылыми қызметкерлері және Ғарышкерлер күндеріне арналған «Еуразия өзенаралығы: білімнің салтанат құруы, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік» атты  VIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияның басты мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын жүзеге асыру, қоғамдық сананы жаңғырту және инновациялық технологияларды экономикаға кеңінен енгізу мәселелерін талқылау.

 

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен конференцияның ашылу салтанатына ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының өкілдері, Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдік ғалымдар, өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Ләззат Нұрқатова, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Хьюстон университетінің профессоры, ресейлік ғалым Юрий Афонин, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының облыстық филиалының төрағасы, «КазИИТУ» ғылыми-білім  кешенінің президенті Әйтімов Ақсерік Сарыұлы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйесі университетінің ректоры Баяхов Әліби Науханұлы, Поволжье телекоммуникациялық және ақпараттық мемлекеттік университетінің сандық экономика кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Ильдар Хасаншин.

 

Конференция барысында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйесі университетінің ректоры Баяхов Әліби Науханұлы мен Поволжье телекоммуникациялық және ақпараттық мемлекеттік университетінің өкілі Ильдар Хасаншин әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

 

Конференцияның секциялық отырыстарында түрлі тақырыптар бойынша  барлығы 120-ға жуық баяндама тыңдалып, талқыланды.

 

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының облыстық филиалының төрағасы, «КазИИТУ» ғылыми-білім  кешенінің президенті Әйтімов Ақсерік Сарыұлы елімізде Үкімет ұсынып отырған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес алдыңғы қатарлы өндірістік бағыттарға ақпараттық технологияларды енгізу арқылы өнімді арттыру жолдары көзделіп отырғанына тоқталып, осы орайда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйесі университеті цифрлы экономикамен тығыз байланыста жаңа бизнес модельдерін табысты енгізіп, лайықты бәсекеге тусе алатын білікті мамандар даярлауды басты назарда ұстайтынын атап өтті.

 

14-сәуір күні қала тазалығын сақтау мақсатында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйесі университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен  жалпықалалық сенбілікті «Жұлдыз» шағын ауданында өткізді. Сенбілікке студенттер белсенді қатысып, айналаның  тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

 

 

14-сәуір  күні қала тазалығын сақтау мақсатында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйесі университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен  ғылыми-білім кешенінің ауласында сенбілік өтті. Сенбілікке студенттер белсенді қатысып, айналаның  тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.