2018 жылдың 12 сәуір Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Андас» оқу орталығының 25 жылдығына, ҚР ғылыми қыметкерлер күні және Ғарышкерлер күніне арналған «Еуразия өзенаралығы:білімнің салтанат құруы, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік» атты VIII халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция болып өтті.Оған еліміздің және көршілес Ресейден көптеген ғалымдар қатысты.Конференцияның пленарлық мәжілісі Қазақ драмалық театрында түске дейін өтсе, түстен кейін секциялық мәжілістермен жалғасты. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер универсиеті ғимаратында өткен бұл шараға «Дизайн» кафедрасы профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері белсене ат салысты.
Атап айтсақ «Адами капитал-жаңғырудың негізі» тақырыбы төңірегінде жұмысжасаған 3 секцияда аға оқытушылар Муханов Б.Б.,Кенжина Ж.С., Кожахметова А.Б. өз баяндамаларымен қатысты. «Ақылды қалалар» тақырыбын қозғаған 7 секцияда т.ғ.к. доцент Утегенов И.У., к.а. доцент Рахимжанова Л.Ш., т.ғ.к. профессор Лола А.М., к.а. доцент Меньшикова Е.П., 4 курс студенті Досмырзаева Жансая (жетекшісі Кожахметова) , 4 курс студенті Сиық Жұлдыз (жетекшісі Абдрахманов А.А.) , 4 курс студенті Смагулова З (жетекшісі Кенжина Ж.С.) қатысты. « Қазақстанның туристік бағыттағы көрнекті жерлері» 8 секция бойынша т.ғ.д., профессор Тохтабаева Ш.Ж., 1 курс студенті Төлеген Қонысбек(жетекшісі Кумаргалиев Ж.Х.), 2 курс студенті Жүнбасова А.(жетекшісі Муханов Б.Б.) өз баяндамаларын оқыды. Қатысушылар арасында сұрақ-жауап арқылы пікір алмасулар орын алып отырды. Студенттер мен оқытушылар үшін үлкен тәжірбие болғаны анық.
Жүнбасова Айсәуле |
Төлеген Қонысбек |
Досмырзаева Жансая |
Сиық Жұлдыз |