Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Сол жанға айтам мың алғыс!
Сезімі үшін жылытқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
«Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушылар мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту парызым!» атты шарасы өтті. Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайта түспек.Бізге білім алуда аудиторияға жарықты , жинақтылықты ұйымдастыратын, сонымен қатар оқу орнымыздың жай –күйін бағалап, үнемі оның тазалығын қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбектеріне алғыс білдіруді жөн көрдік.
Осы бағытта студенттердің ұйымдастыруымен оқып жатқан корпустың кіші қызметкерлерін алғыс айту күнімен құттықтап, шағын мерекелік бағдарлама өткіздік.Алғыс айту бәріміздің парызымыз және борышымыз демекші, біз үшін бір-бірімізге азда болса көңіл күй сыйлау үлкен мәртебе. Сонымен қатар қызықты студенттік өмір есігін ашқан -білім ордасына студенттеріміздің алғысы шексіз екендігін жеткізгім келеді.
«Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, АУ-242 тобының кураторы Тажқұран А.Е.
«Техникалық пәндер» кафедрасының РЭТ-242,АУ-242,342,РЭТ-341,Вт-141,РЭТ-141,РЭТ-141 тобының студенттері мен оқытушылары.
Марапаттау сәті!