2017 жылдың 17-21 сәуір күндері Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Дизайн» кафедрасы апталығы өтті.Апталық аясында к ескіндеме, сурет, сандік-қолданбалы өнер бойынша пәндері бойынша « Мастер класс» көрсетілді.
Кескіндеме пәні бойынша ҚР суретшілер одағының мүшесі, БҚО филиалының басшысы, «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Оразғалиев Қайыр майлы бояумен, ҚР суретшілер одағының мүшесі, «Дизайн» кафедрасының оқытушысы Оразов Бақтығали гуашьпен, «Дизайн» кафедрасының оқытушысы Кумаргалиев Жарқын сулы бояумен натюрморт салды.
Сурет пәні бойынша ҚР суретшілер одағының мүшесі, «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы көмірмен жұмыс жасау техникасын көрсетті.Тек сурет салу емес көмірді жасау технологиясынада тоқталып,өте қызықты сабақ болды.
Сәндік-қолданбалы өнер, соның ішінде «ыстық батик» тақырыбында «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Кенжина Жазира көрсеткен « мастер класс» көрермендерге қатты ұнады.