Created: 25 Қазан 2017
840

ҚазИжТЖУ-де   ФОТОКОНКУРС   

 

 

Республикалық «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық  жүйелер университетінде тәрбие ісі бөлімінің жоспарына сәйкес, «Дизайн» кафедрасының  ұйымдастыруымен  «Туған өлкенің баға жетпес орындары» атты фото сайыс  ұйымдастырылды.Бұл фотосайыста  университеттің  барлық  кафедралары студенттері, оқытушылары және қызметкерлері қатысты.Фотоконкурстың негізгі мақсаты жастардың  туған жерге деген сүйіспеншілігін  арттыру,өмір сүріп жатқан ортасының  әдемілігін  көре білуге тәрбиелеу.

 

Студент  жастарды  шығармашылыққа баулу.Өскелең  ұрпақты  Отан сүйгіштікке,тарихи орындарды құрметтеп бағалауға  үйрету. Алдын-ала жасалған хабарландыру бойынша фотосуреттер қабылданып, университеттің  «Радуга» көрме залына ілінді.Ол жерде 1-10 желтоқсан күндері аралығында университет  студенттері, оқытушылары және қонақтарына эстетикалық  ляззат  сыйлап, көз қуанышы болды.Фото суреттер келесі номинациялар бойынша бағалану керек болатын. 

 

 

  1. «Туған өлкенің тарихи көрнекті орындары»

  2. «Жүрек жылуы»

  3. «Көрермен көзайымы»

 

«Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Батырхан Бахытжанұлы бастаған әділқазылар алқасы жұмыстарды   төмендегідей бағалады.

 

«Туған өлкенің тарихи көрнекті орындары»  номинациясы бойынша:

 

«Экономика және менеджмент» кафедрасының  Ф-142 топ студенті  Иман-мәліков Елдос тың «Көк бұлтпен таласқан биік шың» атты жұмысы,«Дизайн» кафедрасының  қызметкері Джолдыбаев Дарханның  «Пленэр» атты фото суреті  марапатталды.   

 

«Көрермен көзайымы»  номинациясы бойынша:

 

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының  оқытушысы  Казкенова Гүлжамалдың «Туған өлкемнің табиғаты»  атты жұмысы,«Дизайн» кафедрасының  Д-451 топ студенті Досмырзаева Жансаяның «Күзгі бақ» атты жұмысы,«Техникалық пәндер»кафедрасының  оқытушысы  Тажқұран Айнұр  Ерланқызы«Жұпары аңқыған-Туған жер» атты жұмысы,

 

Қайрат Каримовтың «Красивая» атты жұмыстары лайық деп танылды.

 

Өкінішке орай «Жүрек жылуы» номинациясы бойынша фотолар болмады.Бірақ туған ауылға,туған жерге деген сүйіспеншілікті суреттейтін жұмыстар көп болды.Сол себепті «Дизайн» кафедра меңгерушісі мен оқытушылары ақылдаса отырып «Менің сүйікті өлкем» атты номинация беруді  ұйғардық.

 

Сонымен «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша:

 

«Дизайн» кафедрасы студенті Сиық Жұлдыз «Маңғыстау құмы» ,«Текникалық пәндер» кафедрасы Кенжегалиев Ренат  «Атамекен»,«Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы «Мой край» атты  Ергалиева Камиланың жұмыстары таңдап алынды.Номенанттар  14  желтоқсан күні өткен «Тәуелсіздік күніне» арналған концертте  салтанатты түрде  дипломдармен марапатталды.Жалпы осындай шаралар студенттердің мәдени орындарда  өзін-өзі ұстау этикасы,сонымен қатар эстетикалық талғамын оятуға үлкен үлес қосады деп есептеймін.

 

Автор: «Дизайн» кафедрасының оқытушысы  Кумаргалиев Жарқын Хабибуллинович