Created: 11 Қараша 2025
25

«Жастар жасыл сана мен тұрақты дамуды қалыптастырады» атты Орталық Азияның халықаралық студенттік экофорум

Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Экология және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушылары мен студенттері 2025 жылдың 11 қарашасында онлайн форматта өткен «Жастар жасыл сана мен тұрақты дамуды қалыптастырады» атты Орталық Азияның халықаралық студенттік экофорумына қатысты. Форумның басты ұйымдастырушысы — И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті болды. Іс-шара Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін біріктірді. Форумның негізгі бағыты — Орталық Азия жастарының экологиялық мәдениеті мен жасыл санасын қалыптастыру, тұрақты даму саласындағы ғылыми идеялар мен үздік тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ Green Campus және UI GreenMetric бастамалары аясында аймақ жоғары оқу орындарының желілік әріптестігін дамыту болды.