Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
«Парасат» қоғамдық бірлестігінің дінтанушы маманы Набигалиев Мұратхан Мұхитұлы студенттерге дәстүрлі құндылықтарды сақтау, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту жайында өз ойларымен бөлісті.
💬 Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, мазалаған тақырыптар бойынша жан-жақты жауап алды.
