Created: 04 Қараша 2025
7

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінде өңіріміздің ЖОО студенттерін "Жаңа талап" мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау шарасы

 

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінде өңіріміздің ЖОО студенттерін "Жаңа талап" мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау шарасы өтті. Шараны департамент басшысы Мұрат Сейілбекұлы Байсалов мырза ашып, Еліміздегі мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Университетіміздің "Құқықтану" және "Жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығының жоғары курс студенттері "Жаңа талап" мектебінің тыңдаушысы болып қабылданды. Сонымен қатар, "Құқықтану" мамандығының 3-ші курс студенттері "Ашық есік" күніне қатысып, департаменттің қызметімен танысты. Студенттерімізге сәттілік тілей отырып, болашақта еліне адал қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер қатарынан көрінетіндеріне сенімдіміз!
Университет базасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар өтті

Бүгін Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты – арнайы есепте тұрған жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, психологтар және топ кураторлары қатысты.
Семинарда сөз сөйлегендер:
🔹 «Жаңару» қозғалысы БҚО филиалының директоры – Ақсерік Сарыұлы Әйтімов
🔹Орал қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің ҚҚБ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Суыкбаева Айнур Жанабаевна;

🔹 Орал қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Хайрушев Аділет Ерболатұлы.

💡Семинар барысында қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу жолдары, жастардың құқықтық тәрбиесі мен жауапкершілігін арттыру тетіктері, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен тиімді жұмыс жүргізудің әдістері түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.