Құрметті Әліби Науханұлы!
Сізді еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы — «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат – Сіздің көпжылдық еңбегіңіздің, ерен ұйымдастырушылық қабілетіңіздің және білім мен ғылым саласындағы абыройлы қызметіңіздің лайықты бағалануы.
Сіз өзіңіздің кәсіби біліміңізбен, бастамашылдығыңызбен, табандылығыңызбен және заманауи көзқарасыңызбен еліміздің жоғары білім жүйесінің дамуына зор үлес қосып келесіз.
Сіздің жетекшілігіңізбен университетіміз инновациялық даму жолына түсіп, жаңа биіктерді бағындыруда. Ұжым Сіздің үлгіңізбен алға ұмтылып, білім мен тәрбиенің сапасын арттыруда табысты еңбек етіп келеді.
Құрметті Әліби Науханұлы!
Бұл марапат – Сіздің ел игілігі жолындағы еңбегіңіздің, табандылығыңыз бен азаматтық ұстанымыңыздың айқын дәлелі.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
Еңбегіңіздің жемісі мол болып, табысыңыз еселене берсін!
