Created: 24 Ақпан 2025
89

Ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылдың 22 ақпанында Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Алаш Автономиясынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін: заң және құқық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция Бейбіт уақытта өмірден өткендерге арналған мемориалға гүл-шоқ қою рәсімімен басталды. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, университеттің құрылтайшысы, академик Әйтімов Ақсерік Сарыұлы құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі баяндама «Алаш заңгерлері» тақырыбында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңгер, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының негізін қалаушы, «Алаш заңгерлері» еңбінің авторы Құспан Абзал Темірғалиұлы тарапынан жасалды.

Ғылыми конференцияның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.