Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы кеңнен аталып өтті,соның ішінде мемлекеттік тіл қазақ тілін үйрету жүйесін жетілдіруге үлкен мән беріліп жатқандығын ерекше атап өтті. Мемлекеттік тіл тірегі адамзат тарихының сандаған ғасырлар бой жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс-тіл мәселесі болып табылады. Мұның бәрі мемлекеттің өте абай болуды қажет ететін әрі саяси тұрғыдан маңыз¬ды саналатын осы саладағы саясаты тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Ана тіліміздің болашағы жарқын екеніне менің еш күмәнім жоқ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде халқымыз¬ды ұйыстыру жолында маңызды рөл атқара береді. Бірақ тіліміздің тұғырын нығайтамыз деп, оны басқа тілдерге, соның ішінде орыс тіліне қарсы қоймау керек деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Дүние жүзінде 7 мыңнан астам тіл бар. Соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топ¬қа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жо¬йылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегінің зор екендігін атап өтті. Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Ең бастысы, қазақ тілін білудің жақсы үрдіске айналғандығын да айтып өтті, жастарымыздың ана тілін меңгеруге деген құлшыныстарын мақтанышпен айтып өтті десем артық айтқандық емес. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор екендігі баса айтылды. Еліміздің бизнес өкілдері маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде сөйлейтін тұтынушылардың сұранысына қарай өткізетіндігі қуантатын жағдай екендігі сұхбат барысындағы өзекті ойды білдіреді. Бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ғылым-білім саласындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға, мектептер мен басқа да оқу орындарында қазақ тілін үйрету жүйесін жетілдіруге қоса оқытушылардың мәртебесін арттыру кезек күттірмейтін мәселе екендігі де айтылды. «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен құрылған арнаулы қорға қолдау көрсету керектігі. Цифрлық технологияларды қолдануға баса мән берген жөн. Өйткені қазақ тілінің алдағы тағдыры, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеті көбіне осыған байланысты болады.
Шығармашыл жастар және креа¬тивті индустрия мемлекеттік тілді дамыту ісіне пайдасын тигізе алады. Мемлекет экономикадағы болашағы зор осы саланың өркендеуіне барынша қолдау көрсетеді. Отандық және әлемдік нарықта қаржылық жағынан тиімді әрі сұранысқа ие болатын түрлі контентті қазақ тілінде жасату қажеттігі тілге тиек болды. Бұл жерде әдебиет, музыка, кино, сериал және компьютер ойындары туралы кең көлемді ойын білдірді.
Соңғы кезде қазақ тілінің қолданылу аясы едәуір кеңейді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін азаматтардың саны күннен-күнге артуда. Бұл қазақ тіліне деген сұраныстың арта түскенін білдіреді. Тағы бір қуантарлығы, шетелдіктердің де тілімізді үйренуге деген қызығушылығы күшейуде. Қоғамда қазақ тілінің рөлі одан әрі арта түсуі үшін әрбір қазақ өз ана тілінде сөйлеп,ана тілін құрметтеп қадір тұтуы айтпасада түсінікті. Сондықтанда отан сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін ана тілін сапалы әрі тиімді оқыту.Студенттерге дәріс және семинар сабақтарында тілге деген қызығушылығымен қатар ана тіліне деген өзіндік көзқарасын қалыптастыруымыз қажет. «Тіл тағдыры-ұрпақ тағдыры,ұрпақ тағдыры-ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді.Өйткені ана тілі мәселесі-сол тілде жасаған,жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылайтын,болашағын танытатын,қазақ халқының мәңгілігінің мәселесі.
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар жүйелері университеті қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымының магистрі Супугалиев Есмағзом Жүсіпұлы.
Created: 09 Қантар 2025
22