Қоғамдағы діни сауаттылықты арттырып, қазіргі жастарға дұрыс бағыт бағдар беру мақсатында «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар» тақырыбында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы ғалым Кеңшілік Тышханұлымен Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің жастары арасында кездесу өтті. Аталмыш кездесуге университет ректоры Әліби Науханұлы Баяхов, «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Өтәлі Азамат Қаниязұлы қатысты. Шара барысында республикалық деңгейдегі теолог Кеңшілік Тышхан студенттердің өзекті сауалдарына жауап беріп, діни ахуал, дәстүрлі дін мен теріс діни ағымдардың айырмашылығы, интернет желісінде деструктивті ағымдардан сақтану сияқты ауқымды тақырыптар төңірегінде ақпарат берді. Сонымен қатар діни қатынастар, қазіргі қоғамдағы дін мен діл, дәстүр мен таным, діни әркелік пен халық бірлігіне қатысты пікірін білдірді. Жастардың ой пікірін танып,өзіндік жолды саралауына, сонымен қатар рухани дамуына үлес қосқан сүбелі кездесу болды.
Created: 17 Қараша 2024
37