Created: 11 Қараша 2024
43

Университет студенттері “Жаңа талап” мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданды

8 қараша күні Қазақстанның ииновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің “Құқықтану”, “Экономика және бизнес”, “Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару”, “Қаржы” және “Тіршілік қауіпсіздігі және Қоршаған ортаны қорғау” білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Аталмыш шара ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өтті. Ашылу салтанаты БҚО Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Байсалов Мұрат Сейлбекұлы студенттерді “Жаңа талап” мектебіне қабылдануларымен және мектептің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Іс-шарада Президент жаңындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиал директоры Нарушева Лаула Жанатқызы “Жаңа талап” мектебінің бағдарламасымен таныстырып, студенттерге алдағы мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Шара соңында студенттерге департаменттің ішкі жұмысы таныстырылып, басшылық қызметтері туралы ақпараттар берілді.

БҚО бойынша “Жаңа Талап” мемлекеттік қызмет мектебіне барлық құжаттары толық , белгілі бір тақырыптағы эсселері ережеге сай жазылып, департамент жанынан құрылған комиссия шешімімен іріктеуден 24 студент қабылданса, оның 13 студенті біздің білім ордамыздың білім алушылары.
Студенттерімізге мемлекеттік қызмет мектебінде сәттілік тілейміз