Создано: 02 июня 2021
1008

«Әкім бол, халқыңа жақын бол»

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деп қалың бұқара бекер айтпаған. Осы орайда, Орал шаһарының басшысы АБАТ АБАЙҰЛЫНЫҢ қатысуымен "ОРАЛ - ЖАСТАР КӨЗІМЕН" атты қала жастарымен кездесуі өтті.
Шаһар әкімі жастармен тамаша табиғат аясында дидарласты.
Жиынға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен өнер мен спортта биік белестерді бағындырып жүрген жастар, еріктілер қатынасты.
Орал өңірінің белсенді жастары шаһар басшысымен кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, еркін форматта сұхбат құрды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БОЙЫНША ЕҢ ЖАС ПРОРЕКТОР ретінде "КазИИТУ" ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ КЕШЕНІНІҢ "ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ" ЗАКИР ХАМЗИН ҰЛЫҚБЕКҰЛЫ қатысқан болатын.
Өзекті мәселелерді қозғап, өткізіліп жатқан және өткізілейін деп отырған шаралардың мәселесін қарастырды.
Жиын соңында АБАТ АБАЙҰЛЫ жас болса да, айналасына бас болған ЗАКИР ХАМЗИНГЕ өз ризашылығын білдіріп, сый-СЫЯПАТЫН ұсынды және білім мен еңбекті ұштастырған қала жастарынан зор үміт күтетінін жеткізді.