«Тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану»

16 сәуір күні «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының арнайы апталығы аясында «Тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану» атты тақырыбында,студенттердің  шығармашылық жұмыстарының сайысы өтті. Кафедра оқытушысы техника ғылымдарының магистрі Н.С. Орынғалиева, ж.ғ.м., аға оқытушы М.Х.Майданова күнделікті тұрмыстан шығатын қалдықтар жөнінде мағлұматтар берді. Студенттер шығармашылық сайысқа дайындап келген туындыларын таныстырып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

 

Интеллектуальная игра

14 апреля 2021 год прошла интеллектуальная игра "Поле чудес" на тему «История космонавтики» Цель: воспитать чувство патриотизма, чувство любви к РОДНОМУ КРАЮ. Игра прошла очень интересно и увлекательно. Студенты кафедры «Технические дисциплины», участвовавшие в игре показали свой ум, логику, большой кругозор.

Ардақты азаматтың өнегелі өмірі....

 

 Сәуір айының 7-сі күні еліміздің сот саласының құрметті ардагері, доғарыстағы судья, заң ғылымының кандидаты, университетіміздің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы  Сабырбаев Марат Қалмұратұлы  «Құқықтану» мамандығының студенттерімен кездесу өткізді. Өзінің еңбек тәжірибесімен бөліскен ағамыз студенттерге, шараға қатысушыларға  өзінің өмірі мен еңбек жолындағы қызықты оқиғаларды баяндады. Марат Қалмұратұлы еліміздің сот жүйесінің дамуы мен болашағы туралы өз ойларын ортаға салды. Студенттерге өзінің ұстаздық, ағалық ақылын айтып, мамандықтарының адал иесі болуларына тілектестігін білдірді.

Жас ғалымдар марапатталды.

 

        Университетіміздің Академиялық сұрақтар бойынша департамент жетекшісі, заң ғылымының PhD докторы, жас ғалым Құттығалиева Анархан Райымқызын 12-сәуір – ҚР-ның Ғылым күніне орай еліміздің ғылыми әлеуетінің қалыптасуына қосқан үлесі үшін БҚО әкімі Ғ.Н.Есқалиев мырзаның атынан марапатталған Алғыс хатымен шын жүрегімізден құттықтаймыз!

 

Дебаты

13 апреля 2021 года на кафедре «Технические дисциплины» прошли дебаты на тему: «Жизнь и недра за счет автоматизации на земле или переход на космическое пространство»

Подкатегории