Создано: 02 марта 2021
892

«Ашық есік күні»

2021 жылы 1 наурызда  Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» кафедрасының  профессорлық–оқытушылық құрамынан құралған   «Наурыз» қоғамдық бірлестігі және   медиаторлар, адвокаттардың   ұйымдастыруымен  «Алғыс айту» күніне арналған медиация тәртібінде бітімге келуді хабардар ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Осы күні қала тұрғындары өзінің көкейінде жүрген сұрақтармен медиатор Мұратова Эльмира Мұратқызына, БҚО  адвокаттар алқасының адвокаты Қарагойшиев Ертай Амангельдевичке  жүгінді.

Медиатор мен адвокат қала тұрғындарының сұрақтарын тыңдаудан бұрын, оларды алғыс күнімен құттықтап, аталған күннің басты мақсаты бір-біріне төзімділік, достық пен сыйластық сезімін білдіру, сонымен қатар–ұлтаралық келісімін нығайту екенін айта кетті.

Аталған іс-шарада негізінен жер дауы мен неке бұзу, отбасылық қатынастарға қатысты сұрақтар қозғалып, оларға сәйкес жауаптар қайтарылды.

Ары қарай, Мұратова Эльмира Мұратқызы  медиатордың негізгі жұмысы туралы, жақтар арасындағы дауларды медиация тәртібінде сотқа дейін  шешуге болатыны туралы ақпарат берді.

«Ашық есік күні» - тұрғындарға дауларды медиация тәртібінде шешуге болатыны туралы ақпараттың бірі болып табылады.

Аталған  іс-шара медиаторлармен үнемі жүргізіліп отырады, аталған күні азаматтар медиаторлардың жұмысымен танысып олардан кеңес алып, мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала алады.

 

image image
img manager 2.0 download