«ҚИЫН ҚЫСТАУ ЖАҒДАЙДА АЛДЫМЕН БЕРЕКЕ-БІРЛІК КЕРЕК»
Елбасының халыққа жолдаған Үндеуі – қазақ көшбасшысы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдауларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, енді Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзі – мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.








