Кітапхана 2008 жылы университет ашылған кезде негізгі кітап қорының болмағанына қарамастан іргесі қаланды. Ол кезде бірінші кезекте оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердің қорын жылдам құру мәселесі тұрді. Осы қиыншылықтарға қарамастан университет құрылтайшылары түскен қаржының 25-30% пайызын кітапхананың қорын қалыптастыруға жұмсау туралы құнды шешім қабылдады. Қазіргі кезде кітапхана университеттің оқу-тәрбие үрдістерін ақпаратандыру және ғылыми ізденістерін құжаттармен қамтамасыз етуші, сондай-ақ білімді таратушы, интелектуалды қарым-қатынас және мәдениет орталығы ретіндегі құрылымы болып есептеледі.
Кітапхананың жалпы қоры 180,0 мың дананы құрайды, қор – оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиеттер (оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі оқу құралдары, есептер мен тәжірибе жинақтары, схемалы альбомдар, оқу-әдістемелік құралдар), арнайы басылымдар (заңды нормативтік және құқықтық актілер жинақтары, кодекстер және олардың комментариларының жинағы), анықтама-библиографиялық басылымдар(энциклопедиялар, салалық сөздіктер мен анықтамалықтар; ғылыми басылымдар (монографиялар, авторефераттар, еңбектер, мақалалар жинақтары) көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар 80-ге тарта атаудағы газеттер мен журналдар. Кітапхана жыл сайын 80-ге тарта оқу орнының оқыту саласы бойынша , оның ішінде техникалық, экономикалық, педагогикалық және басқа да Қазақстан, Ресейдік атаудағы газет пен журналдарды жаздырып алады. Оқырман саны 4,0 тарта адамды құрайды. Күн сайын кітапханаға 50-100 ге тарта пайдаланушы келеді. Кітап қорын толықтыруда тек дәстүрлі басылымдарға ғана емес, электронды басылымдармен толықтыруға үлкен көңіл бөлінеді. Дәстүрлі әдістер мен қызметтерді сақтай отырып, университет кітапханасы заманға сай өз қызметін жаңа инновациялық технологияны енгізе отырып, оқу үрдістері мен жоспарларына сай келетін қорда бар электронды ресурстарды жүйелеп электронды кітапхана жасақтады. Бүгінгі күні электронды оқулықтар 10000-ға тарта болды. Жеке ақпараттық ресурстар жаңа алынған мәліметтер базасымен толығуда.
Кітапханада дәстүрді каталог және электронды анықтама-бибилиографиялық каталог бар:
1. Электронды каталог - КАБИС» (Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) бағдарламасымен
2. Алфавиттік каталог
3. Жүйелі каталог
4. Жүйелі басылымдар картотекасы
2011 жылдан бастап кітап, газет және журналдардың мақалаларының, авторефератрдың, диссертациядың библиографиялық жазбаларын қамтитін электронды каталог жасақтала бастады. Бұл күні 29474 библиографиялық жазбан тұратын электронды каталог студенттер мен оқытушылар үшін қолжетімді. Кітапханада «Кітаптар», «Мақалалар», «Электронды басылымдар» және заңгерлерге арналған «Заң» , ақпараттық мәліметтер базасы және мерзімді басылымдар картотекасы бар.
Кітапхананың электронды залы 40 компьютер, қажетті кез-келген ақпаратты көретін компьютер, LED-экранмен, жаңа толқынды құрылғылармен (сканер, принтер) жабдықталған. Кітапхана өз пайдаланушылары үшін мынандай қызметтерді ұсынады: интернетке қолжетімділік, видео-материалдарды қарау, электронды тасығыштағы оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану, сондай-ақ барлық компьютерлер локалды жүйеге қосылған. Видеопроектор құралдары арқылы оқытудағы интерактивті әдістерді қолданып сабақтар өткізіледі.
Кітапхананың залында басқа қалалардың ғалымдары және басқа да шараларды қазіргі интерактивті әдіс арқылы видео конференциялар, виртуалды лекциялар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Оқу залы жаңа құрылғылармен, проекторлармен, Интерге қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.
Кітапханада 80 орындыққа арналған оқу залы бар. Кітапхананың қызмет көрсету уақыты сағат 09.00-18.00 дейін. Сенбі күні сағат 09.00-13.00 дейін.