Создано: 02 декабря 2019
1404

Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні!

Шараның мақсаты -   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру және студенттерге президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. Сонымен қатар, студенттерге өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 

   Мерекелік шараға Ресей Федерациясынан қонақтар шақырылды.

  Алғашқы сөз Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Баяхов Әліби Науханұлына беріліп, университетіміздің және білім саласына зор үлестерін қосып жүрген оқытушыларды «Алғыс хатпен» марапаттап, оларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамын мерекемен құттықтады.

Мерекелік шарада Кенесариева Зияда Темировна, Журинов Данияр Аскарович, Құрмашев Курмангазы Бекболатович, Хамзина Бағдагуль Темірханқызы Елбасы туралы және елбасының ерең еңбектері туралы  баяндамалар жасады.

 Шара соңы мерекелік концертке ұласты.