Создано: 23 апреля 2019
2577

«Ақжайық-адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы бойынша бірыңғай сағат өткізілді!

2019 жылы сағат 10:30 да Қазақстан  инновациялық  және  телекоммуникациялық  жүйелер  университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша «Ақжайық-адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы бойынша бірыңғай сағат өткізілді.

Бұл шарада студенттер белсенділік танытып, өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап алып, қызу талқыға салды. Барлық қатысқан студенттер ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың болуына қарсы екендерін көрсетіп, оның алдын алуға белсене қатысатындарын атап өтті. Белсенді студенттерге алғыс жарияланды