Создано: 16 апреля 2019
2314

Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, сәуір айының 2-12 жұлдызы аралығында VI Халықаралық Фараби оқуларын өткізді.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, сәуір айының 2-12 жұлдызы аралығында VI Халықаралық Фараби оқуларын өткізді.

2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде жыл сайынғы Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрге айналған.

VI Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шара болып табылады.

ҚазҰУ-дың 85 жылдық мерейтойына орай VI Фараби оқулары аясында ғылымның түрлі салалары бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік онлайн-конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» Халықаралық конференциясы, Инновациялық жобалар конкурсы, Ғылым күні өткізілді.

Фараби оқуларына Қазақстан университеттері мен жақын және алыс шет елдердің ғылыми мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары, магистранттар мен студенттері қатысқан болатын.

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» кафедрасының 2 курс студенттері «Азаматтық, отбасы және кәсіпкерлік құқық» секциясы бойынша өз тақырыптарын жоғарғы деңгейде қорғағаны үшін комиссия қорытындысы бойынша Кайргалиева Сабина 1-ші дәрежелі дипломмен, ал Мәлікова Альфия 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жастар жылында студенттердің ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында, оларға қолдау көрсеткені үшін «ҚазИИТУ» ҒБК-нің құрылтайшысы А.С.Әйтімов мырзаға және университет басшылығына кафедра ұжымы атынан зор алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, студенттерді аталған конференцияға қатысуына ықпал етіп, жетекшілік жасап апарған кафедраның аға оқытушысы Құттығалиева Анархан Райымқызын  және студенттердің ғылыми жетекшілері Аманбаева Альфия Мақсотқызын және Абулкайрова Алия Муксинқызын жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.

 

«Құқықтану» кафедрасы