Создано: 16 апреля 2019
1943

«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің Ресейдің философия ғылымдарының докторы Фарах Сухейль мырзаның дәрісі өтті.

13.04.2019 жылы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұйымдастыруымен «Инженерлік ғылым, жастар және ғарыш – Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық байланыстардың инновациялық дамуының негізгі факторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның құрметті қонағы ретінде қатысқан Ресейдің философия ғылымдарының докторы Фарах Сухейль, «Достық» студенттер сарайында өз дәрісін өткізді.

Шара барысында РФ Орал қаласындағы бас консулы Андрей Батманов, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің және Хьюстон университетінің  (АҚШ) профессоры, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің академиялық ректоры Юрий Афонин тағы басқа да шара қонақтары қатысты.

Кафедра оқытушылары, магистранттар мен студенттер алдында «Дүниежүзілік дін мәселелері» тақырыбында дәріс оқыған Ресейдің философия ғылымдарының докторы Фарах Сухейль, негізгі діндердің дамуы туралы нақты ақпараттармен бөлісіп, қатысып отырған магистранттар мен студенттерге  жоғары баға берді. Дәріске қызығушылық танытқан студенттер өздерін толғантқан мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.