Создано: 13 марта 2017
1503

Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайы талқыланды

 

2017 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызында Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» факультетінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық реформа және мемле­кеттік билік тар­мақтарының арасын­дағы өкі­леттік­тер­ді қайта бөлу:мазмұны мен маңызы» деп аталатын дөңгелек үстел болып өтті. 

 

Дөңгелек үстел жұмысына БҚО Сот әкімшілігінің басшысы Р.А.Айтмагамбетов, БҚО Әділет департаментінің басшысының орынбасары Х.М.Кусдавлетов, БҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Х.Нарымбетов, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасының орынбасары М.С.Давлетжанов, Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰИА академигі А.С.Айтимов, ҚИжТЖ университетінің бірінші проректоры А.А.Камиева және «Құқықтану» кафедрасының про­фес­соры, заң ғылым­дары­ның док­торы Р.С.Байниязов, заң ғылымдарының кандидаты Б.К.Чингаева, Қазақстан мен Ресейдің бірқатар белгілі ғалымдары қатысты.

 

Жиналғандарға Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры А.С.Айтимов дөңгелек үстелдің жұмысын ашты.Өз сөзінде Қазақстан Республикасында болып жатырған оң өзгерістерге тоқтала отырып, Қазақстан Республикасы  Президентінің Үндеуін қолдауға шақырды. Қоғамдық дамудың бар­лық әлеуметтік-экономикалық үдеріс­теріне жүйе құраушы фактор ретінде ора­сан зор ықпал ететін  ерек­ше маңызды  дөңгелек үстелге қа­ты­су­шылардың наза­рын аударды. ҚИжТЖ университетінің бірінші проректоры А.А.Камиева дөңгелек үстелді өз баяндамасымен бастап, барлық қатысушыларды маңызды сұрақтарға атсалысуға шақырды.

 

Осы тұрғыдан алғанда, елімізді әрі қарай дамыту бағытындағы жұмыстар­да Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың үсті­міздегі жылдың 24 қаңтарындағы Үндеуінің орасан зор маңызы бар. Оның ережелері әлеуметтанушылардың, заңгерлердің, экономистердің кешенді түрдегі терең талдауын талап етеді. Осы­ған орай, «Құқықтану» кафедрасының про­фес­соры, заң ғылым­дары­ның док­торы Р.С.Байниязов өз баяндамасымен жалғастырды.

 

Өзінің «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық реформа:түсінігі және оны іске асыру» деп аталатын баян­дамасында Р.С.Байниязов өкілет­тіктерді қайта бөлу қоғамның қазіргі даму кезеңіне сәйкес келетініне және Қазақстанның демократиялық құқық­­тық мемлекет ретіндегі страте­гия­сын жүзеге асырудың кезеңі болып табы­ла­тынына назар аударды.

 

«Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылым­дары­ның кандидаты Б.К.Чингаева өз баяндамасында, мемлекеттік биліктің бірлігі мен оны бөлу қазіргі заманғы мемлекеттің халықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін болуы тиіс. Ол 1998 және 2007 жыл­­дар­дағы конституциялық рефор­ма­лар Пар­ламенттің өкілет­тігін және Үкі­мет­тің жауапкершілі­гін арттыру­ға бағыт­талған. Заң жобасын бүкілхалықтық тал­­қы­лау барша қазақстандықты бас­қару­­д­ың президенттік пішінін әрі қарай ырық­­тан­­дыруға қосуға оң ықпал ететін болады деп көрсетті.

 

Талқылау жұмысына белгілі Қазақ­стан­дық ғалымдар және Ресейдің ғалымдары қатысты. Үндеуде қозғал­ған шешуші проблемаларға байла­ныс­ты қызықты пікір алмасулар жүріп, Қазақ­стан Республикасы Конс­ти­­ту­­ция­сы­на ұсынылып отыр­ған өз­геріс­тер сара­ланды және жоспар­ланып отыр­ған біз­дің еліміздегі мемле­кеттік билік тар­мақтарының арасын­дағы өкі­леттік­тер­ді қайта бөлу тұрғысынан кел­генде Қазақ­станның консти­ту­ция­лық және салалық заңнама­ларын жетілдіру бойынша ұсыныс­тар жасалды. Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер енгізу туралы жеке ұсыныстар ғалымдар тарапынан үлкен пікірталас туғызды.

                                                                  

     

«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.С.Джуламанов