Создано: 13 марта 2017
1649

Дөңгелек үстел!

«Кәмелетке  толмағандар арасындағы қылмыстықтылық. Оны шешу жолдары».

 

2017 жылы 01 наурыз күні Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің  профессорлық-оқытушылық құрамы  және студенттердің қатысуымен, «Құқықтану» кафедрасының апталығы аясында, университет кітапханасында: «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы   қылмыстықтылық. Оны шешу жолдары» - тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

Модератор Джуламанов С.С. өз сөзінде: «Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс» - деп өз сөзін аяқтады.

 

Осы тақырып аясында өзекті мәселені талқылау үшін келесі қонақтар шақырылды: 

 

-БҚО қалалық  Ішкі істер департаментінің  кәмелетке толмағандар инспекциясының инспекторы полиция капитаны  Мухамбетияров Қуат Майданұлы;

 

-Батыс Қазақстан Инновациялық технологиялық университетінің аға оқытушысы - психология магистрі Курмангалиева Жанаргуль  Курманбаевна;

 

-Заң  ғылымының  кандидаты, доцент,  құқықтық  зерттеу институтының директоры  Чингаева Бакыт Кенесаровна.

    

Тақырыпқа сәйкес шақырылған келесі баяндамашылар сөз кезегін алды:

 

№36 Орал қаласы жалпы білім беру орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жетісова Айзада «Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетінің алдын алу шаралары» атты баяндамасымен таныстырды.  Жетекшісі  Губашев Кенжегали .

    

№19 Орал қаласы жалпы білім беру орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қайыржан Асет «Жасы кәмелетке толмағандардың қылмысқа итермелейтін әлеуметтік себептер» атты баяндамасымен таныстырды.  Жетекшісі  Бактыгерей Оралбек.

 

Дөңгелек устел соңында Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер  университетінің проректоры Сорокин Николай Александрович: «Кәмелетке жасы толмағандардың және студенттер арасындағы қылмыстылықтың алдын алу үшін, сабақтан тыс туристтік үйірмелер ашу» -  атты баяндамасымен таныстырды.

 

Сонымен қатар шақырылған қатысушылармен студенттер арасында сұрақ-жауап түрінде ашық диалог орын алды. Аталған тақырып жан-жақты, толық талқыланды. Баяндама жасаған оқушылар тиісті дәрежеде бағаланып, марапатталды.

 

                                 

Ұйымдастырушылар:  «Құқықтану» кафедрасының

                                                                             

                                          аға оқытушы Муратова  Э.М.

                                                                             

                                        аға оқытушы Джуламанов С.С.