Создано: 13 декабря 2022
783

«9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні»

ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің" (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" РММ-нің хаты негізінде «9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні» болып жарияланғандықтан, 9 желтоқсан 2022 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттерінің қатынасуымен заң ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахметов Талғат Хасанұлы мен құрылыс менеджері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы еңбек ардагері Максименко Виктор Павловичпен кездесіп, студенттерге білімге тұрақты қызығушылығын ояту, білім салтанатын қалыптастыру үшін адалдық, ашықтық, еңбекқорлық, өзін-өзі тәрбиелеу сияқты жеке қасиеттерді насихаттап, «Адалдық сағатын» өткізді.

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің білім алушылары ұстануға міндеттенетін академиялық адалдық қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жастардың алған білімдерін студент өміріндегі кез келген сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Студенттер заң ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахметов Талғат Хасанұлы мен құрылыс менеджері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы еңбек ардагері Максименко Виктор Павловичке сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен алмасты.