Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан»
жаңару және жаңғыру жолы» атты жолдауын іске асыру мақсатында 4.11.2022 жылы БҚО
әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келсім» КММ татуласу орталығы мен
ҚазИжТЖУ, БҚАТУ студентерінің арасында «Этномедиация-елдегі татулықтың негізі»
атты ашық дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты: Этномедиация тәртібін жүргізі
жолдары арқылы елдегі татулықты, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
БҚО Татуласу орталығының басшысы А.Г.Рахишева студенттермен Қазақстан
Республикасынның медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуде
қолданылатын қағидаттар мен рәсімін, медиатордың екі тарап арасындағы дауды шешудегі рөлі,
келіссөздерді рәсімдеу тәртібі, екі жақты дауды татуластыру, шешудегі ықпалы туралы
ақпарттармен бөлісті. «Құқықтану» кафедрасының «Медиация» үйірмесінің мүшесі 2 курс
студенті А.Қонысбаева «Этносаралық жанжалдардың туындауының себептері мен
салдары» баяндамасы тыңдалып талқыланды. Қоғамдық медиатор Ұ.Қ.Нұрмұханова
мотивациялық ойын ұйымдастырып, студентермен кері байланыс орнатты. Шара соңында
А.Г.Рахишева қорытынды сөз сөйлеп, болашақта да тың тақырыптарда кездесулер
жалғасын табатындығын және студенттерге ризашылықтарын білдірді.