Создано: 01 февраля 2022
669

Ғылыми жоба: «Мобильді жылжымалы цифрлы әлеуметтік көмек көрсету»

Ғылыми жоба: «Мобильді жылжымалы цифрлы әлеуметтік көмек көрсету» 

«Мобильді жылжымалы цифрлы әлеуметтік көмек көрсету» кіші  ғылыми  қоғамы  құрылған.   Жетекшісі жаратылыстану ғылымының магистрі, аға оқытушы  Тажқұран Айнұр Ерлановқызы. Кафедраның 2019-2022  жылдарына   перспективалық  жоспар  жасалған.

       «Мобильді жылжымалы цифрлы әлеуметтік көмек көрсету»   кіші  ғылыми  жобаның   жылдық  жоспарына  сәйкес, «Техникалық пәндер» кафедрасының студенттері арасында дарынды студенттер анықтап, олармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру және кіші ғылыми жоба жұмысының мақсаты: Егде жастағы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың цифрлық сауаттылығын  арттыру ,яғни түрлі интерактивті электрондық қызметтерді  уакыт пен орынға  тәуелсіз  түрде  қолжетімді әрі еркін  қолдануын және киберқауіпсіздіктің  түрлері  бойынша   қорғану жолдарын үйрету.

Жылжымалы  көмек  көрсету  тобы   болғандықтан, ұсынылған  қызметтер  түрлері бойынша  келесі түрде жұмыстанды:

  • Мекенжай  бойынша   үйлеріне  барып, цифрлық сауаттылық бойынша түсіндірме  жұмыстарын жүргізіп және оны тәжірибемен көрсету
  • ЭЦҚ-ны қолдану  мүмкіндігін   үйрету
  • Смартонға орнатылатын түрлі бағдарламалармен жұмыстануды меңгерту
  • Электронды хаттар арқылы таратылатын спам арқылы жүзеге асырылатын алаяқтардан  қорғау жолдарын көрсету
  • Пластикалық картаны онлайн қолдануды және оны пайдалану кезіндегі кауіпсіздік ережелерін үйрету
  • Ғаламторды және ДК  сенімді қолданумен және  оның зиян келтірмейтіндей деңгейде  колдана білуге машықтандыру.

 Жобаға екі студент қатысты. Атап айтқанда, АУ 242 топ студенті Мырзабай Ернар, РЭТ 342 Искакова Айдана. Кіші жобаның жалпы құны: 998400 теңге құрады. Жобада жұмыс істеу барысында «Қазақстанның жастар конгресі» қауымдастық тарапынан әрбір студентке 40000 теңге көлемінде, жетекшіге 70000 теңге көлемінде жалақы төленді. Әрбір ай сайын атқарылған жұмыс туралы «Қазақстанның жастар конгресі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғаға яғни Нұр-Сұлтан қ., 010000, А.Мамбетов к-сі, 2/1 үй, 3 кеңсесіне есеп беріліп отырды.Жобамыздың «Цифрлық сауаттылықтың»  егде  жастағы  адамдар  үшің  маңыздылығы:

  • Жақындарымен әлеуметтік  желілерде  еркін  хабарласа  алуы;
  • Түрлі интернет алаяқтардан  өздерін қорғауы;

Жобадан  күтілетін  нәтиже:

  • Мол тәжірибе
  • Өзі елің үшін  пайдалы қызмет қылу
  • Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын  арттыру

 

 

 image

image

image

image