Создано: 13 декабря 2021
704

Жаңа ғылыми дәрежелер

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ұзақ жыл біздің университетте адал еңбек етіп, өз үлесін қосқан профессорлық-оқытушылық құрамын марапаттау және ғылыми атақтар беру рәсімдері болып өтті. Біздің «Құқықтану» кафедрасының доценті, з.ғ.к. Рахметов Талғат Хасанұлы академиялық дәрежесін - профессор ғылыми атағын алды, ал аға оқытушы Карагойшиев Ертай Амангельдиевич, аға оқытушы, з.ғ.м. Мұратова Эльмира Мұратқызы, аға оқытушы Кунакбаев Жанбулат Жанкуатович доцент академиялық дәрежесін алды.

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамынаың атынан құттықтаймыз!