Создано: 30 ноября -0001
762

БҚО адвокаттар алқасының адвокаты Н.К.Кенжебаевамен «Медиацияға жалпы түсінік» тақырыбында дәріс оқыды.

БҚО  адвокаттар алқасының адвокаты Н.К.Кенжебаевамен «Медиацияға жалпы түсінік» тақырыбында дәріс оқыды.

2022 жылдың 3 наурызы  Қазақстанның  инновациялық және телекоммуникация жүйелер университетінің  кешенінде  «Құқықтану» кафедрасының «Құқық» мамандығының 2,3 курс студенттеріне БҚО  адвокаттар алқасының адвокаты Н.К.Кенжебаевамен «Медиацияға жалпы түсінік» тақырыбында дәріс оқылды.

Дәріс мазмұны 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасынның «Медиация туралы» заңының қолданыс аясы, медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын қағидаттар мен рәсімін,  медиатордың екі тарап арасындағы дауды шешудегі рөлі,  келіссөздерді рәсімдеу тәртібі, екі жақты дауды татуластыру,  шешудегі ықпалы туралы ақпарттар қамтылды.  Дәріске қатысушы студенттер медиацияның сот төрелігінен айырмашылығы мен ерекшелігін, медиатор болу үшін қойылатын талаптар, медиацияның негізгі бағыттары мен қамтитын қоғамдық қатынастары туралы сұрақтар қойлып, қарастырылған дәріс сұрақ-жауап нысанында қызу талқыланды. Болашақ заңгерлер үшін тәжірибелі мамандардың тәжірибедегі тағылымдарын дәрісте қарастырылған тақырыппен байланыстырып  дәріс беруі алған білімдерін шыңдауға, мамандықтарын таңдауға септігін тигізері сөзсіз. Бұл үрдіс «Кұқытану» кафедрасының алға қойған жоспарларына сәйкес жалғасын табады. Мақсатымыз: «Уақыт талабына сәйкес сапалы, білікті мамандарды дайындау»

 

image

image