Создано: 24 февраля 2022
747

Ермаханов Бақыт Аманбайұлы қонақ дәрісі

2022 жылдың 24 ақпан айында Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» кафедрасында дәріс беру кестесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.А.Ермаханов «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» атты тақырыпта «Құқықтану» мамандығының 1-3 курс студенттеріне карантиндік талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта қонақ дәрісін өткізді.

Өз баяндамасында судья Б.А.Ермаханов алқабилер институтының ерекшеліктері, алқабилерге кандидаттарды іріктеу туралы, сондай-ақ алқабилерге кандидаттардың тізімдері бойынша шынайы, нақты, сапалы ақпарат берудің маңыздылығын атап өтті.

Болашақ заңгерлерге алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері бойынша сұрақтар қойып, олар бойынша толық ақпарат алды.

 

 sudya-2

IMG-20220225-WA0010