Создано: 12 января 2022
948

Жеке пікір

Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі.
Бүгін университетіміздің кеңейтілген мәжілісінде Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың Халыққа үндеуін талқыладық. Президент: «Ауыр қасыреттің себептерін саралап, салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған маңызды міндет» деп басып айтты.

Осы тұста Парламенттің мәжілісінде Президентіміз атап айтар болсақ:
- Қазақстан халқына қоры құрылады;
- Барлық Қарулы күштердің құрылымын қайта жасақтап, жалақысын көтеру;
- Коронавируспен күрес жүргізуді және жалғастыру керектігін тілге тиек етті;
- Оператор РОП-қа Утильсборды алуды тоқтатты. Оны мемлекет қадағалайды. Енді машина құны азаюы мүмкін деген сөзі.
- Бай мен кедей арасы алшақтап жатыр. Олигополияға жол азаяды. Олихаргтардың дәурені азаймақ. 2 айдың ішінде Халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бағдарламаны дайындауға Үкімеке тапсырма берді.
- ОДКБ сарбаздары 2 күнде үйлеріне қайта бастайды. 10 күнде толығымен өз елдеріне қайтады.
- Атамекен гранты (Бизнеске бастауға) 400 АЕК дейін өседі.
- Жастарға жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
- Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. 5 жаңа жоғарғы оқу орны ашылады. Оның екеуі біздің Батыста. Жаңа экономиканы құру үшін жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілетін арттыру қажет. 2025 жылға дейін елімізде беделді шетел университеттерінің кем дегенде 5 филиалын ашу қажет деп атап өтті. Яғни, техникалық мамандықтарға басымдық беру. Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Қазіргі заман талабы – БІЛІМ.

Тұрып қалған ЛРТ жалғасады. Жемқорлықтың иісі шыққан сәтсіз жоба екенін айтып, бірақ аяқтауымыз керек деп айтты.
- Жеке тұлғалардың банкроттық туралы заң жобасы әзірленіп жатыр.
- Қытай шекарасындағы Харгосты бақылауға алатынын айтты. Миллиардтар бюджетке емес, біреулердің қалтасына кетіп жатыр.
- Самұрық – Қазынаны қайта реформалау қажет. Болмаса мүлдем қажет емес екеніндігін атады.
- Депутат, Үкімет мүшелері мен Әкімдердің айлығы 5 жылға өспейді. Яғни мораторий жарияланды.
- 2025 жылға дейін инфляция дәлізі 3-4% болмақ;
- Қағазбастылық азаятынын айтты.
- Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың батыл әрі уақтылы қабылдаған шешімдері Қазақстанның бейбіт өмірге тезірек оралуына мүмкіндік береді. Ел басына түскен осындай қиын кезеңде Президентіміздің төңірегіне топтасуымыз керек. Бұл қазіргі жағдайды тұрақтандыру, қалпына келтіру, жұмысты жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам.
Елбасына күн туған кезеңде Президентіміз бабалар ұстанған дала Конституциясын жоғалтпай елдегі саяси тұрақтылықты орнату үшін халықпен бірге болатыныдығын БАҚ арқылы халықпен жиі тілдесіп, елге рух беріп және өзінің конституциялық міндеті екендігін тағы бір дәлелдеді. Дипломат ретінде дереу ұтқыр шешім қабылдауы барша Қазақстандықтардың еңсесін көтеріп, елдегі іріткілдікті жоюдың алғы шарты болды.
Бүгінгі үндеуді Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессорлық – оқытушылық құрамымен бірге мұқият тыңдап, жіті назарда ұстадық. Жоғарыда аталып өтілген барлық мәселелер күн тәртібіндегі кезек күтірмейтін және шешімін табуы тиіс мәселер қатарында тұр.
Осы тұста өңірдегі үлкен білім ордасы ретінде, біз, барша қазақстандықтар, парасаттылық жолына ілесіп, ешқандай арандатушылыққа жол бермей, Қазақстан Республикасы Президентінің шешіміне толық қолдау беруіміз қажет. Біздің күш қуатымыз бірлікте ғана екенін әрқашан есте ұстайық! Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!