Қадірлі әріптестер! Құрметті студент жастар!
«Бейбіт елде береке бар» демекші биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше маңызды және тарихи оқиғаларға толы болмақ. Осы оқиғалардың қатарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын үлгі тұтып атап өту біз үшін үлкен мәртебе. Бұл өткен жолымызға зер сала қарайтын, өзімізге де, елдік жетістіктерімізге де есеп беретін межеде тұрмыз.
Өткен кезең ішінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік-мәдени саладағы қол жеткізген табыстары айрықша. Мұны біз ғана емес, бүкіл әлемге танымал ғалымдар, саясаткерлер, жазушылар мен журналистер, сарапшылар да паш етуде. Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
Ақсерік ӘЙТІМОВ, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, БҚО Қоғамдық кеңесінің хатшысы, Қазақстан мәслихаттарының ҚҰРМЕТТІ ДЕПУТАТЫ, Орал қаласының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, академик.