Создано: 18 октября 2021
825

«Қылмыстық атқару жүйесінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және қылмыстық атқару органдарында қызмет өткеру тәртібі»

2021 жылдың 15-ші қазан күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде қонақ дәрістерін өткізу жоспарына сәйкес «Қылмыстық атқару жүйесінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және қылмыстық атқару органдарында қызмет өткеру тәртібі» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің қызметкерлері, дәріс оқушы қонақтар: аға инспектор, әділет капитаны Д.С.Ақшолақов және кадр бөлімінің инспекторы, полиграфолог, әділет аға лейтенанты З.С.Мендыгереева «Құқықтану» мамандығының студенттеріне карантиндік талаптарды сақтай отырып, дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты студенттерге қылмыстық-атқару жүйесіндегі түзеу мекемелерінде сотталғандардың жазаларды өтеу, олармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжiрибелік сұрақтарын талқылау және мамандықты насихаттау.  

«Құқықтану» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Мерует Галиханқызы қонақтарға және студенттерге кафедра жетістіктерін, сондай-ақ студенттерге тәжiрибелік сабақтар жүргізуге арналған сот отырысы залы мен криминалистикалық полигондарды таныстырды.

Келген қонақтар студенттерге өздерінің ақыл-кеңестерін беріп, заң мамандығының иесі болуларына тілектерін білдірді. Дәріс соңында қонақтармен естелік фотосуреттер түсірілді.

 

IMG-6389

IMG-6353