Создано: 16 сентября 2021
848

«ТӘУЕЛСІЗ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ СОТ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ»

«ТӘУЕЛСІЗ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ СОТ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ»
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

       Батыс  Қазақстан облыстық сотының бастамасымен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А. Ізбасаров Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің   оқытушы-профессор  құрамы және студенттерімен  кездесті.

Кездесуді "Қазақстанның 100 жаңа есімінің" иегері, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік ғылым академиясының академигі А.С.Айтимов ашты. Өз кезегінде сөз алған  алқа төрағасы А. Ізбасаров елдегі заңнамалық деңгейде сот жүйесін реформалаумен байланысты барлық жаңалықтардың толығымен іске қосылғанын атап өтті. Ол азаматтарға 50 -ден астам қызмет түрін ұсынатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің енгізіліп, іске қосылғандығы, «Төрелік» жүйесі туралы (Судьяның күнделігі, Судьяларға көмек көрсету модулі, «Сот тәжірибесі» сервисі), БКБ, МБКБ, «Виртуальды сот», «Digital Agent» сервисі туралы және басқа да жүзеге асырылып жатырған жобалар туралы айтып өтті. Сондай-ақ қылмыстық кодекс пен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына негізделген қылмыстық іс бойынша ақпаратты интеллектуалдық талдаудың алгоритмдерінің толық жиынтығын қамтитын, жасалған қылмысқа және сотталған адамның жеке басына сәйкес жазаларды тағайындауға дұрыс назар аударуға мүмкіндік беретін «Судьяға көмек» модулі туралы айтты. Шара соңында қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, мазмұнды кездесу үшін алғысын білдіріп, оларға қызметке орналасуда сәттілік тіледі.

        Кездесуді Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің ректоры Ә.Н.Баяхов  қортындылап, Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы А.Ізбасаровқа ұжым атынан Алғысын жеткізді. Болашақта да бұл бастамалар өз жалғасын таба бермек.

 

 IMG-1205 IMG-1191