Создано: 29 июня 2021
1260

«Полиция қызметі – халық сенімінің айнасы»

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Қазақстан Республикасының полиция күніне орай «Полиция қызметі – халық сенімінің айнасы» тақырыбында Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің, БҚО Полиция департаменті өкілдерінің және университеттің ПОҚ мен студенттерінің қатсысуымен онлайн – дөңгелек үстел өткен болатын.
 
Қазіргі таңда халықтың қорғаны болып, қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор екендігі күмәнсіз. Полиция қызметкерлерінің өз қызметіне адал болып, өмірін қатерге тіккен оқиғалар саны күн сайын артуда. Елімізде жыл өткен сайын полиция қызметіне қойылатын талаптар мен міндеттер артуда.
Соған сәйкес, президентіміз Қасым-жомарт Кемелұлы еліміздің құқық қорғау органдарына бір қатар тапсырмалар мен міндеттер жүктеп, полиция тәртіп сақшысы екендігін сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдеуі тиіс деп баса назар аударып айтқан болатын.
Шара барысында университетіміздің ректоры Әліби Науханұлы ұжым атынан құрметті қонақтар мен барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, мерекенің мәні мен маңызына тоқталды.
Қадірменді қонақ ретінде сөз алған «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, генерал-майор Телегусов Махмут Өтегенұлы Қазақстандық ішкі істер органдарының құрылу тарихы мен дамуы туралы өз ойын ортаға салды.
Шара қонақтары ретінде БҚО Полиция Департаментінің Тергеу басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Байжанов Ғалым Мейрамғалиұлы мен Орал қаласының полиция басқармасы басшысының кадр мәселесі бойынша орынбасары, полиция подполковнигі Меңдіғұлов Қуаныш Шаяхметұлы өз қызметтері саласы төңірегінде және қазіргі Қазақстан полициясының жеткен жетістіктері мен даму келешегі туралы ой қозғады.
Шара барысында университетіміздің «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары өз пікірлерін тілге тиек етіп, БҚО Полиция департаментімен меморандум аясында жасалып жатқан жұмыстарға шолу жасады.
Сөз соңын онлайн шараның модераторы, университетіміздің ЖОО-нан кейінгі білім беру және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі, з.ғ.к. доцент, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, полиция полковнигі Рахметов Талғат Хасанұлы өз ойымен түйіндеп, барша қатысушыларға алғысын білдірді.
 image