«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мазмұнды мақалада азаттықтың отызыншы жылына аяқ басқан мемлекеттің өткен жолы сараланады. Президент қазақстандықтарды төл тарихқа тереңірек үңілу арқылы, бүгінгі бейбіт күннің қадірін білуге үндейді. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыс пен жетістіктің ешқайсысы жеңіл жолмен келмегенін айтып, әр азаматты бірлік сақшысы болуға шақырады. Бүгін ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінде осы тақырып аясында кездесу ұйымдастырылды. Жиын онлайн режімде өткізіліп, білім ордасының оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
Создано: 10 января 2021
929