Создано: 29 июня 2019
2969

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру заман талабы

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық Жүйелер Университетінің қабырғасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстел 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық баптарының көзқарасын нығайту мақсатында өткізілді. Осы дөңгелек үстелге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Республикалық «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің Нұр – Сұлтан қаласы Сарыарқа филиалының директорының орынбасары Б.Ж. Искаков, «Бест Вей – жылжымайтын мүлік» ТК директоры У.У. Калымбетова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б.М. Хайруллин және ҚазИжТЖУ ұжымы қатысты. Бүгінгі таңда Республикалық «Жаңару» қоғамдық бірлестігі барлық облыстарда, сондай-ақ қауымдастықтың беделді, танымал адамдарының өкілдерімен белсенді жұмыс істеуде. Әр облыстық әкімдікте және бірқатар мемлекеттік органдармен меморандумдар жасалды. «Жаңарудың» әрбір мүшесі жемқорлыққа қарсы білім беруді дамытуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтығын қалыптастыруға ықпал етеді. Және олар азаматтық қоғамның барлық күш жігері Елбасымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бастамаларын қолдауға бағытталғанын біледі. «Жаңару» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы төзімсіздік ахуалын қалыптастыру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау» әлеуметтік жобасын іске асыруда, оның шеңберінде іс-шаралар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілуде. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар екені бізге мәлім.

Осы себепті, Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

 

Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатуда барлық амалдарын қолдану арқылы бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатынын айтып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмауға, алдын алуға, болашақта биік белестерді бағындырып, елге адал қызмет етуге, студент жастарымызды үлгілі азамат болуға шақырды. Абыройлы қызмет – адал еңбектің жемісі, - деп Болатбек Жұмагелдіұлы Искаков жүрек жарды лебізін жеткізді.