Создано: 05 июня 2019
4171

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның айырықша белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Рәміздерді сөз еткенде "ұлттық" сөзі ойға оралады. Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық сана т.б. Қай рәмізді алсақ та, ұлттық нақыштан аспаған. Тудың түсі, қалықтаған қыран бейнесі, жарқыраған күн мен одан сәуледей таралған 32 шуақ, тігінен салынған ою-өрнек, бәрі-бәрі бір-бірімен астасқанда ұлттық көрінісімізден бірден хабар береді. Елдіктің нышаны саналатын Елтаңбамыз да ерекше. Шаңырақ, қанатты пырақ, жұлдыз бір-бірімен үйлесім тапқан. Қандай ел болмасын өз рәміздерімен, заң-жарлықтарымен мақтанады.

4 маусым күні университетімізде «Құқықтану» кафедрасының ұжымымен ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздер туралы күніне орай ғылыми-білім кешен ұжымы мен студенттерінің қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында «КазИИТУ» ҒБК-нің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы, олардың мәні мен маңызы  туралы өз пікірін білдіріп, елдің тәуелсіздік жылдарында жеткен әлеуметтік – экономикалық жетістіктеріне қысқаша шолу жасады. Сонымен қатар, еліміздегі қазіргі таңдағы басты саяси науқан – Президент сайлауына барша ұжымдастары мен студент жастардың белсенді қатысуына шақырды.

         Әрі қарай сөз алған университет ректоры Әліби Науханұлы бүгінгі мейрамның ерекшелігін атап өтсе, университетіміздің жоғарғы білімнен кейінгі білім беру және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі Талғат Хасанұлы мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ұжымымыздағы құрметті зейнеткер, ардақты азамат Адам Сағынұлы елдігіміздің айрықша белгілері туралы тағлымды ой айтты. Дөңгелек үстелімізді жоспар бойынша универитетіміздің, колледжіміздің оқытушылары жалғастырып, мазмұнды баяндамаларымен бөлісті.  Шара соңында студент жастарымыз тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, егемендігіміздің нышандарына деген құрметтерін айтып, патритоттық сезімдерін білдірді.

         Барша әріптестермізді еліміздің маңызды мерекесі – мемлекеттік ріміздер күнімен құттықтап, Көк тәңірдің сыйы – Көк Туымыз, Елдіктің нышаны – Елтаңбамыз, Әлемге танытар – Әнұранымыз асқақтай берсін дегіміз келеді.

          

         «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Ринат Жанғалиев