Создано: 22 мая 2019
2037

Біздің мақтанышымыз – Марина!

Жуырда 20-21 мамыр күні  университетіміздің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Бигалиева Марина Қостанай қаласында өткен Қазақстан және Ресей жастарының форумына қатысқан болатын.

Форумға  Қазақстанның түкпір - түкпірінен келген 1000 - нан астам қонақтарды Қостанай облысының әкімі Арxимед Муxамбетов және Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ыстық ықыласымен қарсы алып, шара басында тілектерін айтты. Белсенді жастардың бүгінгі таңдағы жұмыстарымен, жоспарларымен, жобаларымен танысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыға салған салтанатты шара өз мақсатына жетті.

Форум қатысушысы, біздің мақтанышымыз Марина аталған шарадан алған әсерімен былай бөлісті: «Мен үшін жылдың басы осындай әдемі сәттермен толығып жатыр! Жүректері елім, жерім, xалқым деп соққан жастардың көздерінде нұр ойнап, іштеріндегі қуаттарын шығарып, тәжірибелерімен алмасып, жаңа бастамалармен  толығып, кеуделіріндегі алаулары одан әрі лаулады.  Көршілес елден келген жастарымыз да, біздің ыстық ықыласымызбен, айқара ашқан құшағымызды  көріп жүздеріне жылу ұялап, арадағы достығымызды тағы да нығайтқандай болдық. Форум 21 мамыр күні жалғасын тауып, Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының жастарға сенеміз деген ұраны барша жастардың бойын қуаттандырып, волонтерларды қолдаймын деген сөзі залды бір серпілтті. Форумға қатысқаныма қуаныштымын. Осы форумның толқынында одан әрі, белсенді жұмыстарымыз көп болады деген үміттемін. Биыл, 2019 жыл Жастар жылы, яғни біздің жылымыз. Осы бағытта «КазИИТУ» ҒБК-де көптеген шаралар, жобалар жүзеге асуда. Биылғы жыл барлық жас үшін өз идеяларын іске асыратын, биікке өрлейтін, еңбектенетін, сәтті жыл деп ойлаймын. Алға Қазақстан! Алға «КазИИТУ» жастары», - деп жастарымызды жігерлендірді.

Университет ұжымы атынан Маринаға ең басты - денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз. Болашағың жарқын болсын – Марина!