Создано: 15 мая 2019
1951

«Сот жүйесіндегі реформалар талқыланды»

Бүгін университетімізге Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Әметов Бек Әметұлы келіп, «Құқықтану» мамандығының студенттері мен магистранттарына, профессорлық-оқытушылық құрамға «Қазіргі сот жүйесіндегі реформалар» тақырыбында дәріс оқып, сот тәжірибесіндегі мәліметтерімен бөлісті.
Алдымен «КазИИТУ» ҒБК-нің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы қадірлі мейманымызға алғыс айтып, БҚО соты мен университетіміздің арасындағы мемарандумға сәйкес жұмыс жалғасатынын мәлімдеді. Осы салада қолдау білдіріп келе жатқандығы үшін сот төрағасына зор ықыласын білдірді.
Сот жүйесінің жариялылық, ашықтық және қоғаммен неғұрлым ашық байланыста болуды мақсат еткен шара өз мақсатына жетіп, мәнді кездесу өтті. Студенттер мен магистранттар өздерін қызықтырып, толғандырған сұрақтарын қойып, Облысымыздың Бас Судьясынан тұшымды жауаптар алды.