Создано: 18 марта 2019
987

18.03.2019 ж.«Достық шаңырағы астында» атты театрландырылған концерт

18.03.2019 ж. күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде арнайы шақырылған қонақтар және «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттерінің қатысуымен «Достық шаңырағы астында» атты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған театрландырылған концерт өтті. Өңірімізде тұрақтаған әр этно-ұлт өкілдердің басын қосқан бүгінгі шараға армян, украин, шешен, корейц, татар, орыс этно-ұлт өкілдері қатысып, әр ұлттың салт-дәстүрі, өнері көрініс тапты.

 

Мерекелік шараның басында құттықтау сөз кезегі «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы, академик, облыстық қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалының төрағасы, «Қазақстандағы 100 Жаңа есім» жобасының жеңімпазы Әйтімов Ақсерік Сарыұлына берілді. Шақырылған қонақтардан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нығмет Кенжебай Әлжанұлы құттықтау лебізін білдірді.

 

Самарқанның көк тасы жібіп, Сарыарқаның сеңі бұзылған күні «Қазақ ауылындағы» керемет мерекеде шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы Көрісу айт мерекесінен үзінді көрініс көрсетіліп, қонақтар ақ дастарханнан дәм ауыз тиді. Ауылдың абыз ақсақалы ақ батасын беріп, «Ұлыстың ұлы күні елімізге бақ-береке, шаттық-мереке әкелсін. Ақ - мол болсын!» - деген тілекпен мерекелік шара өз мәресіне жетті.

 

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімі

 {gallery}10{/gallery}.