2017 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызында Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» факультетінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық реформа және мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу:мазмұны мен маңызы» деп аталатын дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына БҚО Сот әкімшілігінің басшысы Р.А.Айтмагамбетов, БҚО Әділет департаментінің басшысының орынбасары Х.М.Кусдавлетов, БҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Х.Нарымбетов, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасының орынбасары М.С.Давлетжанов, Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰИА академигі А.С.Айтимов, ҚИжТЖ университетінің бірінші проректоры А.А.Камиева және «Құқықтану» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Р.С.Байниязов, заң ғылымдарының кандидаты Б.К.Чингаева, Қазақстан мен Ресейдің бірқатар белгілі ғалымдары қатысты.
Жиналғандарға Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры А.С.Айтимов дөңгелек үстелдің жұмысын ашты.Өз сөзінде Қазақстан Республикасында болып жатырған оң өзгерістерге тоқтала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуін қолдауға шақырды. Қоғамдық дамудың барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістеріне жүйе құраушы фактор ретінде орасан зор ықпал ететін ерекше маңызды дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын аударды. ҚИжТЖ университетінің бірінші проректоры А.А.Камиева дөңгелек үстелді өз баяндамасымен бастап, барлық қатысушыларды маңызды сұрақтарға атсалысуға шақырды.
Осы тұрғыдан алғанда, елімізді әрі қарай дамыту бағытындағы жұмыстарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 24 қаңтарындағы Үндеуінің орасан зор маңызы бар. Оның ережелері әлеуметтанушылардың, заңгерлердің, экономистердің кешенді түрдегі терең талдауын талап етеді. Осыған орай, «Құқықтану» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Р.С.Байниязов өз баяндамасымен жалғастырды.
Өзінің «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық реформа:түсінігі және оны іске асыру» деп аталатын баяндамасында Р.С.Байниязов өкілеттіктерді қайта бөлу қоғамның қазіргі даму кезеңіне сәйкес келетініне және Қазақстанның демократиялық құқықтық мемлекет ретіндегі стратегиясын жүзеге асырудың кезеңі болып табылатынына назар аударды.
«Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Б.К.Чингаева өз баяндамасында, мемлекеттік биліктің бірлігі мен оны бөлу қазіргі заманғы мемлекеттің халықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін болуы тиіс. Ол 1998 және 2007 жылдардағы конституциялық реформалар Парламенттің өкілеттігін және Үкіметтің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Заң жобасын бүкілхалықтық талқылау барша қазақстандықты басқарудың президенттік пішінін әрі қарай ырықтандыруға қосуға оң ықпал ететін болады деп көрсетті.
Талқылау жұмысына белгілі Қазақстандық ғалымдар және Ресейдің ғалымдары қатысты. Үндеуде қозғалған шешуші проблемаларға байланысты қызықты пікір алмасулар жүріп, Қазақстан Республикасы Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер сараланды және жоспарланып отырған біздің еліміздегі мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу тұрғысынан келгенде Қазақстанның конституциялық және салалық заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы жеке ұсыныстар ғалымдар тарапынан үлкен пікірталас туғызды.
«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.С.Джуламанов