2026 жылғы 14 қаңтарда Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Қазақстан Республикасының гранттық қаржыландыру жүйесінде ғылыми жобаларды дайындау, сараптау және жүзеге асырудың практикалық аспектілері (табысты кейстердің мысалында)» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық өтінімдерге қойылатын негізгі талаптар, ғылыми жобаларды сараптамалық бағалау ерекшеліктері, сондай-ақ жобаларды басқару мен іске асырудың практикалық аспектілері қарастырылды. Ерекше назар табысты кейстерді талдауға және грантқа үміткерлер тарапынан жиі жіберілетін типтік қателіктерге аударылды.
Семинар спикері — Монтаев Сарсенбек Алиакбарұлы, ҚР ҰИА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Құрылыс материалдары және технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі, әлемнің ең ықпалды ғалымдарының World’s Top 2% Scientists (Stanford University & Elsevier, 2022) рейтингіне енген ғалым. Спикер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асырудағы практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен жас ғалымдар қатысты. Іс-шара қатысушылардың ғылыми-жобалық құзыреттілігін арттыруға және гранттық конкурстарға қатысу тиімділігін жоғарылатуға ықпал етті.
14 января 2026 года в Казахстанском университете инновационных и телекоммуникационных систем состоялся научный семинар на тему «Практические аспекты подготовки, экспертизы и реализации научных проектов в системе грантового финансирования Республики Казахстан (на примере успешных кейсов)».
В ходе мероприятия были рассмотрены ключевые требования к конкурсным заявкам на грантовое финансирование, особенности экспертной оценки научных проектов, а также практические аспекты управления и реализации проектов на всех этапах их жизненного цикла. Особое внимание было уделено анализу успешных кейсов и типичных ошибок, допускаемых при подаче заявок.
Спикером семинара выступил Монтаев Сарсенбек Алиакбарулы — академик НИА РК, доктор технических наук, профессор, руководитель научно-исследовательской лаборатории «Строительные материалы и технологии» Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана, входящий в рейтинг World’s Top 2% Scientists (Stanford University & Elsevier, 2022). Спикер поделился практическим опытом реализации научных проектов, финансируемых за счёт средств государственного бюджета Республики Казахстан.
В семинаре приняли участие профессорско-преподавательский состав, заведующие кафедрами, научные сотрудники, магистранты и молодые учёные университета. Проведение семинара способствовало повышению научно-проектных компетенций участников и формированию практических рекомендаций по повышению конкурентоспособности научных исследований в грантовых конкурсах.


