26 октября 2020
137

ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымына - 75 жыл

 

 

24 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришті құттықтап,  БҰҰ-ның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалады, сонымен бірге бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуын, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстанның толығымен қолдайтындығын  жеткізді.                          Халықаралық БілімҒылым және Мәдениет жөніндегі ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды.  Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше.           ЮНЕСКО негізгі мақсаты – мемле­кет­тер мен халықтардың білім, ғылым жә­не мәдениет салаларындағы ын­ты­мақ­тастығын дамыту арқылы әлемдегі бей­біт­ші­лік пен қауіпсіздікті нығайту.                                                                    ЮНЕСКО-ның құрылғанына 75 жыл толуына орай, Ресейдегі  ЮНЕСКО істері жөніндегі  комиссияның қолдауымен Питирима Сорокин – Николай Кондратьев Халықаралық институты, Ресей Жаратылыстану ғылым академиясы, М.В. Ломоносов атындағы жаһандық процес факультеті,  Өркениет ашық диалог, Казан халықаралық қатынастар, тарих және шығыстану және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университеттерінің  ұйымдастыруымен  өткізілген «ЮНЕСКО-нің  әлеуметтік-мәдени саласындағы өркениеттік әріптестік пен  қарым-қатынас стратегиясы және болашақтағы жетекші рөлі» атты  XV Өркениет онлайн - форумында XXI ғасырдағы білім, ғылым, мәдениет және білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, әлемді жайлаған  KOVID-19, жаһандық экономикалық дағдарыс және басқа да сұрақтар жан-жақты талқыланды.                                                                                          Мерейтойлық іс-шаранының ашылу салтанатында  Ю.В. Яковец  - Питирима Сорокин – Николай Кондратьев Халықаралық институтының президенті, А.И. Кузнецов – Ресейдің ЮНЕСКО ұйымындағы тұрақты өкілі, Г.Э. Орджоникидзе - Ресей ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының жауапты хатшысы, О.Л. Кузнецов – Ресей  Жаратылыстану ғылым академиясының президенті, А.С. Айтимов – Қазақстан Ұлттық инженерлік ғылым академиясының академигі, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрлытайшысы және басқалары сөз алып, өз ойларын ортаға салды,  ғылыми форум жұмысына сәттіліктер тіледі.                                                                  Конференция Халықаралық ғылыми конгрес «Жаһандану – 2020: адамзат проблемалары мен болашағы» және Халықаралық ғылыми-дипломатиялық конгресс «Ялта бейбітшілігі: тарихи тәжірибе және болашақ» атты ғылыми кездесулер  аясында өткізілуде.                                                   Ғылыми форумда Казан федералдық университетінің халықаралық қатынастар, тарих және шығыстану институтының директоры Р.Р. Хайрудинов, академик  А.А. Акаев,  Новель сыйлығына  үміткер академик С.Н.Фарах, Ресей Президентінің  Крым республикасындағы тұрақты өкілі, корреспондент-мүшесі Г.Л. Мурадов, Ресейдегі итальяндық: SAF Milano, Erbagil, DOM  Network компаниялардың өкілі О.М.Окроян, 7-тілді француз Лусавор Аветис ақпараттық порталының бас редакторы  Б.Назарян,  Каир халықаралық қатынастар университетінің профессоры Н. Эльщейх,  Ресей жаратылыстану ғылым академиясының  армян бөлімшесінің  төрағасы, академик М.Ю.Гаспарян,  Әзербайжан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры Ф.Т.Мамедов, М.В. Ломоносов  атындағы университет профессоры, академик С.В. Кибальников  және басқалары баяндама жасады.                                                                                  Өз кезегімде Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетіндегі академиялық әріптестікті дамытуға бағытталған «Радуга» халықаралық мәдени көрме орталығының, «Ноосфера» студенттік жастар технопаркі  және «Академик П.Г. Кузнецов атындағы халықаралық тұрақты даму ғылыми мектебінің» жұмыстарына тоқталдым. Өскелең ұрпақтың жан жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына «Радуга» халықаралық  мәдени көрме  орталығының маңызы өте зор. Бұл орталықта студенттер мен оқытушы-профессор құрамына, қала тұрғындарына тек ұлттық құндылықтар мен салт–дәстүрлерден басқа, ресейлік және әлем өнер шеберлерінің жетістіктері, үздік шығармалармен танысуларына  мол  мүмкіндіктер жасалынған. Мысалы  Ежелгі Мысыр,  Тибет, үнді, итальян, француз, орыс, жапон табиғаттары, тыныс тіршіліктері  және басқа да  тақырыптардағы шығармалар көпшіліктің көңілінен шығуда. Мәскеу қаласына бармай ақ, мемлекеттік Третьяково галериясындағы қыл қалам шеберлерінің еңбектерін  білім ордасындағы  көрмеде тамашалауға болады.

«Радуга» мәдени  көрмесі университет пен ресейлік «Рухани мәдени орталығымен» келісім-шарт негізінде жұмыс жасайды. 

Бүгінгі таңда Пенза мемлекеттік, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  және  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университеттерінің жасыл энергетика, ноосфералық технологиялар бағытындағы бірлескен жобалар нәтижесінде «Ноосфера» студенттік жастар технопаркі  қалыптасты. Бастауын осы ғылыми-техникалық бірлестіктен алатын, кейін «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам және адам университетінде жалғасқан жаңа Қазақстан – Ресей жобасы «Академик П.Г.Кузнецов атындағы халықаралық тұрақты даму ғылыми мектебінің» негізін қалады, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде халықаралық тәжірибесі бар мамандар даярлауға бағытталған «Өңірлік болашақ» бағдарламасыжүзеге асырылуда. Нәтижесінде 80-тен астам Батыс өңірінің жастары «Дубна» университеті мен Альметьевск мемлекеттік мұнай институтында бакалавриат, магистратура және аспирантура оқу бағдарламаларына сәйкес ақпараттық жүйе және есептеу техникасы, инженерлік бағдарлау, геология және мұнай өндіру және өңдеу мамандықтары бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді.                                                                                                                    Жаңа инновациялық технологияларды білім ордасына еңгізу, бәсеккеге қабілетті халықаралық деңгейдегі мамандардың жаңа толқынын даярлау өз жемісін беруде. Университет ғалымдары «ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесіне қатынасып, 2018 жылы «Архимед»  Мәскеу  өнертапқыш және инновациялық ғылыми жобалар және жетістіктер сайысында  Алтын, күміс медалдарға қол жеткізді. 2020 жылы Беларусь, Сингапур цифрлық технология саласының мамандарымен бірлескен, университет есебінен қаржыландыр-латын  халықаралық  «React» бағдарламашылар мектебі табысты еңбек етуде.

      Заманауи білім  мен ғылымның болашағы  жаһандану даму үрдісіне, әлемдегі озық инновациялық технологиялар, ғылыми жаңалықтармен тығыз байланысты. Жаңа буын жас ұрпақты әлемдік білім кеңістігіндегі  озық адамзат өркениетімен таныстыра отырып, ұлттық мәдени және рухани құндылықтарға сәйкес, отаншылдық бағытта тәрбиелеу  - басты міндетіміз болып қала бермек.

     Осы бағытта халықаралық ғылыми конференция барша ғалымдарға жаңа міндеттер жүктейді, әрі бірлесіп жұмыстануға шақырады. 

  

 Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің ректоры, Өркениет  диалогы ашық  университетінің Қазақстан филиалының жетекшісі   Ә.Н. Баяхов