Created: 26 November 2025
28

Экономика және менеджмент кафедрасының студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушысы, э.ғ.к. С.Е.Искаков атындағы грант иегері Бахашева Жұлдыз (топ кураторы С.О.Кажгалиева), «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік студент-2025» атты талантты студенттердің республикалық байқауынан 1-орын иеленіп, төсбелгімен марапатталды.

Экономика және менеджмент кафедрасының 1-курс білім алушысы, Менеджмент–142 тобының студенті Сұлтанбаев Исатай 25 қазан — Республика күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Егемендік және Абай мұрасы: рухани сабақтастық» атты іс-шараға белсене қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Экономика және менеджмент кафедрасының 1-курс білім алушысы, Экономика және бизнес–141 тобының студенті Ибраева Диляра 25 қазан — Республика күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Егемендік және Абай мұрасы: рухани сабақтастық» атты іс-шарада баяндамасымен қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.