Колледж директоры

 
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, ӘРІПТЕСТЕР!
 



Қазіргі ғасырдың негізгі мақсаты – білімді, әлемдік деңгейге шығуға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және өз бетінше білім алатын және қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Қазіргі заман - ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Жиырма жылдан астам бойы үздіксіз даму мен заман талабына сай білім беруді үрдіске айналдырған біздің колледжіміздің алдағы уақытта да үнемі күн тәртібінен түспейтін мәселелері:
- оқу үдерісінің жетілдірілген үздіксіз дамуы;
- озық технологияларды оқу үдерісінде игеру және пайдалану;
- заманауи еңбек нарығында білімді мамандар мен өз Отанының патриоттарын даярлау.
2016 жылы колледжде «Аударма ісі» мамандығы ашылса, 2017 жылы «Ақпараттық жүйелер» атты жаңа мамандық ашылып, колледж атауы «Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжіне» өзгертілді.
Елбасымыз айтқандай ХХІ ғасырда әрбір қазақстандық бәсекелік қабілетімен айқындалады олар - компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық факторлар,бұл әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті. 
Білім алушыларды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың мақсатында колледжде «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» атты бағдарламалар аясында жұмыс жүргізіледі.
Жиырма жылдан астам өзіндік тәжірибесі бар колледжіміздің өзіндік оқытудың озық әдістемесі, әлемдік додаларда бақ сынайалатын білімді түлектер, толағай табыстарымен аяғына нық тұрған оқу орны ретінде танылды.


Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің директоры - Невзат Бекар

Article (en-gb)

Lorem ipsum ad his scripta blandit partiendo, eum fastidii accumsan euripidis in, eum liber hendrerit an. Qui ut wisi vocibus suscipiantur, quo dicit ridens inciderint id. Quo mundi lobortis reformidans eu, legimus senseritdefiniebas an eos. Eu sit tincidunt incorrupte definitionem, vis mutat affert percipit cu, eirmod consectetuer signiferumque eu per. In usu latineequidem dolores. Quo no falli viris intellegam, ut fugit veritus placeratper. Ius id vidit volumus mandamus, vide veritus democritum te nec, ei eosdebet libris consulatu.